Сайт жаңалықтары

Евгений Олегович Пешков қатысушының суреті
Итоговая аттестация
Евгений Олегович Пешков - Tuesday, 17 January 2017, 4:41 PM келді
 

 

Бітірушілер студенттерінің назарына!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы»
(2013 ж. 04.11-де берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
бұйрығынан үзінді

95. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:
      1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);
      2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;
      3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;
      4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.
      Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты қосымша мемлекеттік емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.